Winamp Logo
OY-DETOX Cover
OY-DETOX Profile

OY-DETOX

Kazakh, Finance, 4 seasons, 62 episodes, 2 days, 1 hour, 44 minutes
About
OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Episode Artwork

Грант беретін ұйымдармен жұмыс істеу қауіпті ме?

OY-DETOX қонағы - Анар Арынова, халықта ФЕЦА атымен танымал ұйымның жобалар менеджері. Біз Анармен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, азаматтық қоғам, "Иноагенттер тізімі" және цифрлық құқық туралы сөйлестік. Сондай-ақ, бүгінде ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) қолдаған жобалар мен жаңа ұйымдарға грант алу мүмкіндіктері туралы сөйлестік. Бірқатар мамандар Қазақстанда азаматтық қоғам тынысы тарылып келеді деген пікірді алға тартады. Осы ретте, петицияларды қабылдаудағы өзгерістер, шетел ұйымдардан грант алатын ұйымдар мен тұлғалардың тізімі, жаңа "Масс-медиа" туралы заң жобасы азаматтық қоғамның жағдайына әсер ете ме деген сұрақ аясында ойлар қамтылды. Таймкод: 00:00 - аңдатпа 00:32 - кіріспе және қонақты таныстыру 02:23 - Үкіметтік емес ұйымда (ҮЕҰ) кімдер жұмыс істейді? 03:18 - ФЕЦА деген не? 06:20 - ҮЕҰ қызметі, "иноагент" ұғымы және оның қоғамға әсері 13:33 - ФЕЦА қандай жобаларға қолдау көрсетеді? 27:35 - "Сіздің дауысыңыз маңызды" жобасы, цифрлық сауат, саяси шешімдер мен ондағы әйелдер мен жастардың үлес салмағы 47:58 - петициядағы өзгеріс пен оның қоғамға әсері 51:04 - шабыт беретін кино, кітаптар мен замандастар 58:34 - "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабы туралы Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=wHOXsZrTNGo ФЕЦА инстаграмы - https://www.instagram.com/efca_kz/ Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
2/1/20241 hour, 1 second
Episode Artwork

Назерке Маратқызы: YouTube арнамнан табыс көріп отырмын

Арал сапарында жазып алған екінші эпизодым. Эпизод қонағы - Назерке Маратқызы, "Толқын" Арал аудандық газетінің тілшісі, "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің қызметкері. Сондай-ақ, Назерке 90 000 астам жазылушысы бар YouTube арнаның авторы. Біз Назеркемен аймақтағы гендерлік теңдік мәселесі, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан бастап, YouTube арқылы пайда табу, "ене мен келін" жағдайы, қоғамдық жұмыстың жеке басқа әсері туралы да талқыладық. Назеркенің YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@NAZERKE.94 "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/ Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel  Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
1/9/202439 minutes, 43 seconds
Episode Artwork

Арал қаласындағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай?

Жуырда "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен Қызылорда өңірі, Арал қаласына іссапармен барып, әріптесім Бақытгүл Салыховамен бірге "Адвокация және коммуникация негіздері" бойынша бір күндік тренинг оқып қайттық. Келгенімізді пайдаланып, "Тасадағы әйелдер" жобасын түсіріп, подкастымның екі эпизодын жазып алдық. Ал бүгін назарларыңызға "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ибраимова Лаура Қолғанатқызымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмын. Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай? Өңірде қандай проблемалалар бар? "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігі қандай мәселелермен айналысады? Осы және бұдан да өзге сұрақтарға жауаптарды подкаст эпизодынан таба аласыздар. "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/ Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
12/27/202337 minutes, 32 seconds
Episode Artwork

Айна Задабек: шала қазақпын дей берсең, шала қазақ бола бересің

OY-DETOX қонағы - Айна Задабек, PR және тіл маманы. Айнамен жылы эпизодымызды міндетті түрде тыңдаңыздар! Маған ерекше ұнаған, іштей қажып жүрген өзім үшін дер кезінде болған әңгіме болды. Қазақ тілі туралы сөйлесуден не үшін шаршамауымыз керек? Тәуелсіздік пен тіл қатар жүретін ұғым ба? Тіл үйрену лайфхактары қандай? Қазақ тіліне жетпейтін не: саяси жігер не адами жігер? Осы және өзге де сұрақтар аясындағы біздің қызықты ой-талқымызды тыңдап, өз пікіріңізді ортаға салыңыздар.  Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=Htfw3558K94  Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Айнаның инстаграмы - https://www.instagram.com/aina_zadabek/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
12/15/20231 hour, 9 minutes, 10 seconds
Episode Artwork

1 Fit стартабы: кім ашты, қанша ақша табады, қандай елдерде жұмыс істейді?

OY-DETOX қонағы - Асқар Ақшабаев, 1fit негізін қалаушылардың бірі. 1fit - Қазақстанда жылдам өсіп келе жатқан стартаптардың бірі. 1 абонемент алып, Қазақстанның 10 қаласында орналасқан серіктес спорт-залдарының кез келгеніне кез келген уақытта баруға мүмкіндік беретін қызмет. Осы ретте, 1fit негізін қалаушылардың бірі Асқар Ақшабаевпен кездесіп, кезінде бес жігіт қосылып ашқан стартаптың бүгінде жетістікке жету құпиясын сұрап-білуге тырыстық. !!! Эпизод соңында байқау бар! Дедлайн - 31 желтоқсан Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=Htfw3558K94 Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ 1Fit инстаграмдары - https://www.instagram.com/1fit.qaz/ https://www.instagram.com/1fit.app/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
12/10/20231 hour, 16 minutes, 17 seconds
Episode Artwork

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық. Кім кінәлі?

Бұл эпизодты "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық кампаниясына орай жасағым келіп кетті. Соңғы жылдары физикалық зорлық-зомбылық туралы көп айтылып, жазылып жүргендіктен біз негізгі акцентті психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылыққа қойғымыз келген. Алайда мамандар да, медиадағы материалдар мен жан түршіктірер статистикалар да бізді еріксіз физикалық зорлық-зомбылық тақырыбына алып келе берді. Zertteu Research қорының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы мемлекет үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу үшін 4,5 млрд теңге жұмсапты. Мамыр айынан бастап қылмыстық кодексте осы мәселе бойынша өзгеріс енгізілді. Бірақ жағдай неге жақсармай жатыр? Мәселе зорлық-зомбылыққа душар болатын әйелдердің өзінде ме немесе қоғамның немқұрайлы көзқарасында ма, әлде заңның әлсіздігінде ме? Осы тақырыпты тарқату үшін әңгімеге мамандарды тарттық. Шығарылым сарапшылары: 1. Шолпан Әйтенова, Zertteu Research қорының құрылтайшысы 2. Әсел Саду, психолог 3. Дилара Иса, журналист Эпизодтағы мәлімет менің "Тасадағы әйелдер" жобамнан алынды. Егер YouTube-форматта көргіңіз келсе, онда мына сілтемеге өтіңіздер.
12/4/202318 minutes, 34 seconds
Episode Artwork

Тимур Балымбетов зорлық-зомбылық, ер-азаматтар дауысы мен әлеуметтік желідегі хайп туралы

OY-DETOX қонағы - танымал интервьюер Тимур Балымбетов. Тимур өз шығарылымдарында зорлық-зомбылық тақырыбын жиі көтеретін замандастарымыздың бірі. Осы ретте, біз Тимурмен қазір қоғамда үлкен дискуссия тудырған тақырып - Салтанаттың өлімі, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың өршуі, бұған ер-азаматтардың позициясы мен әлеуметтік желідегі тараптар қақтығысы мен хайп туралы сөйлестік. Сондай-ақ, Тимур мемлекеттік тапсырыс пен цензура туралы өз ойын ортаға салып, сұхбатқа дайындалу, қонақтарды сүзгіден өткізу, оларды ашудағы әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Эпизодты барлық подкаст платформаларынан тыңдап, YouTube арнамнан тамашалай аласыздар! Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Тимурдың YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@balymbetov OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
11/22/20231 hour, 14 minutes, 20 seconds
Episode Artwork

Мариам Найем: Без языка - нас нет

С украинской художницей и культурологиней Мариам Найем я познакомилась в Праге, на конференции Unlock. Прослушав ее презентацию на тему Let's talk about Volya, я сразу же решила с ней записать эпизод своего подкаста. Она меня безумно впечатлила и тронула, а каждое ее слово, сказанное с большой сцены вызывало во мне бурю эмоций.  Мы поговорили о роли родного языка в деколонизации, войне, русском мире и информационном поле, либеральных СМИ и о себе. Таймкоды: 00:00 - приветствие 01:27 - о презентации Let's talk about Volya 02:47 - когда появилась дилемма на каком языке говорить? 09:38 - что такое деколонизация? 12:25 - есть ли коллективная ответственность? 13:41 - о социальном конструировании реальности и русском империализме  18:47 - методы влияния пропаганды: о сериалах "Папины дочки", "Ранетки" и "Кадеты" 23:05 - как же все таки деколонизироваться? 26:32 - можно ли работать со злостью? 29:52 - нужно ли продолжать говорить, когда тебя не слышат? 37:27 - либеральные медиа, альтернативная информация и суть империализма  Инстаграм Мариам Найем - https://www.instagram.com/mariaaamnaiem/ Айнель в Инстаграмм - https://www.instagram.com/ainelkai/  Благодарю команду https://www.instagram.com/bashtan_bashta/ за съемку
8/3/202345 minutes, 7 seconds
Episode Artwork

Роза Әшірбаева: Инфобизнесменнің бәрі Инфоцыған емес

OY-DETOX қонағы - коуч, инфобизнесвумен Роза Әшірбаева. Біз Розамен инфобизнес, инстаграм этика, инстаграмда ақша табу мүмкіндігі, әйел құқығы, қаржы пирамидасы мен қоғамның негізгі проблемасы туралы сөйлестік.    Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/   Роза Әшірбаеваның инстаграмы - https://www.instagram.com/rozaashirbayeva/   Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта көре аласыздар. YouTube сілтемесі - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
3/10/20231 hour, 6 minutes, 50 seconds
Episode Artwork

Мой первый подкаст с Каиржаном Альбазаровым, автором и ведущим подкаста Find your B

OY-DETOX
11/11/201822 minutes, 20 seconds